Қоғам

Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты

© Photo : akorda.kzМемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты
Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың инфрақұрылымын одан әрі дамыту шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мемлекет басшысы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Сонымен қатар, Елбасы жол-көлік және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жолдардың және қала тұрғындарына арналған демалыс орындарының құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0