Экономика

Мемлекет басшысы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шөкеев Назарбаевқа «Самұрық-Қазына» холдингі құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқаратынын айтты

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы туралы мәлімделді.

Өмірзақ Шөкеев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шөкеев "Самұрық-Қазынаның" берешегі туралы: үлкен компаниялар қарызсыз жұмыс істемейді
Өмірзақ Шөкеевтің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның шоғырланған кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


Жаңалықтар
0