Өңірлер

Көкшетауда 3-сынып оқушысы екі жасар сәбиді ажалдан құтқарды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланы құтқару кезінде оқушы жарақат алып, миы шайқалды

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Көкшетаудың 10 жасар тұрғыны Имран Бағдат басын қатерге тігіп, сәбиді өлімнен арашалап қалды, деп мәлімдеді қалалық ТБЖ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Руслан Қуанышев. 

Оқиға СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында болған.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әскери қызметші жолдың қақ ортасында қалып қойған сәбиді құтқарды
Қуанышевтің ақпаратынша, Имран Бағдат Көкшетау қаласындағы №19 орта мектебінде оқиды. Жазғы демалыста Кішкенекөл ауылында тұратын ата-апасына барған. Бір күні әдеттегідей балалармен моншаның қасында ойнап жүргенде, 2 жасар Айсұлтанның қақпағы ашық тұрған септикке қарай жүгіріп бара жатқанын байқайды. Тереңдігі екі метрлік септик жақында ғана сорылған, алайда қақпағы ашық қалыпты. Имран соңғы секундта баланы құдықтан әрі итеріп жіберіп, бірақ өзі құлап кеткен.

Ол құбырлардан ұстап, жоғары өрмелеп, балалардың көмегімен сыртқа шықты. Баланы жедел жәрдем көлігі аудандық ауруханаға алып кетті. Миы шайқалып, жеңіл-желпі жарақат алған. Тиісті емнен кейін аман-есен үйіне оралды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов жас батырды салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттап, планшет сыйлады. 

Имран өзін батырмын деп санамайды, жасаған ерлігі туралы ешкімге айтпайды. Әкесі Қуаныш Бағдатұлы мен анасы Самал Абайқызы ұлдарын мақтан тұтады. Ал Имранның атасы Бағдат Нажмиденов немересін азаматтық қорғау органдарына дайындаймын деп отыр.


Жаңалықтар
0