Әлем

Өмірбек Бабанов қызметінен кетті

© AP Photo / Vladimir VoroninПрезиденттікке кандидат Өмірбек Бабанов сайлау учаскесінде
Президенттікке кандидат Өмірбек Бабанов сайлау учаскесінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бабанов шетелде емделіп жатыр, ал Қырғызстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik.  "Республика — Ата-Жұрт" фракциясының лидері Өмірбек Бабанов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Фракция хатшылығының хабарлауынша, саясаткер қызметінен өз еркімен кеткен.  

Өмірбек Бабановтың айтуынша,  "Республика" партиясы мен Республика — Ата-Жұрт" парламенттік фракциясы заң жобаларын сәтті жүзеге асырып, әлеуметтік-экономикалық саясатты өзгерту үшін едәуір қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс. Осыған байланысты Бабанов фракция басшысы өкілеттігінен кетуге шешім қабылдаған.  

Өмірбек Бабанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бабанов: мен Қырғызстандағы билікті басып алмаймын
Жаңа лидер келесі отырыстарда сайланады деп жоспарланып отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні Қырғызстанның Бас прокуратурасы өзбек ұлты өкілдерін билікке қарсылық білдіруге шақырғаны үшін президенттікке бұрынғы кандидат Өмірбек Бабановқа қатысты  қылмыстық іс қозғаған болатын.

 Фракция лидерінің орынбасары Руслан Қазақбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Бабанов Ресейде емделіп жатыр.   


Жаңалықтар
0