АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Президент сайлауы кезінде жеңіліс тапқан Өмірбек Бабанов Қырғызстан халқын арандатушылықтарға ілеспеуге шақырды.
"Мен 16 қазан күні сағат 12.00 кезінде алаңға жиналу туралы арандатушылық мәтіндегі хабарлама алдым. Барлықтарыңызды арандатушылыққа бармауға шақырамын. Мен ешқашан билікті басып алған жоқпын. Қазір де, болашақта да оның басып алуға тырыспаймын… Таластағы адамдарды жинауға қатысты айтар болсам, мен ешкімді жинап жатқан жоқпын. Біз өз құқығымызды заңды түрде қорғаймыз. Барлығы жақсы болатынына сену керек", — деген Бабановтың сөзінен үзінді келтіреді Sputnik Қырғызстан.
Сонымен қатар, ол ереже бұзушылықтардың орын алғаны анықталғанын айта келе, елдің сайлау заңнамасына өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті.
"Сайлау өтті, халықтың қолында оның қорытындысы бар, халық өз сөзін айтты. Менің штабым жинақтап жатқан, бірқатар ереже бұзушылықтар бар. Біз олардың барлығын жинақтап, сайлау заңнамасына өзгеріс енгізуге тырысамыз. Мен Қырғызстанда шынайы, әділетті сайлау болатынын сенімдімін", — деп мәлімдеді Бабанов.