Әлем

БАҚ: АҚШ психикалық ауытқушылығы бар адамдарды әскер қатарына алуға рұқсат етті

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАҚШ армиясының әскери қызметкері
АҚШ армиясының әскери қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2009 жылы АҚШ-та психикалық ауытқушылығы барларға армияда қызмет етуге тыйым салынған болатын

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Америка психикалық ауытқушылығы бар адамдарды әскер қатарына алуға рұқсат етті, деп жазды РИА Новости USA Today басылымына сілтеме жасап.

Енді АҚШ армиясында нашақорлық пен маскүнемдікке салынған, биполярлы аффективті бұзылыс пен күйзеліске ұшыраған, өзіне-өзі зиян тигізген (қасақана денесін жарақаттау) адамдар қызмет ете алады. 

АҚШ - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-та педофилдердің төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады
Басылымның ақпаратынша, мұндай шешім АҚШ әскерін 2018 жылдың қыркүйегіне қарай 80 мың сарбазбен толықтыру жоспарымен байланысты. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамп террористік ұйымдармен күресті күшейтпекші. 

2009 жылы АҚШ-та өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары жиілегеннен кейін, психикалық ауытқушылығы бар адамдарға әскерде қызмет етуге тыйым салынған болатын.


Жаңалықтар
0