Әлем

АҚШ-та педофилдердің төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАҚШ
АҚШ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл шара 2016 жылы қабылданған «Меган заңына» сәйкес қолға алынды

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. 30 қазаннан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасаған америкалықтардың төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады, деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаменті. 

"Паспорттың артқы мұқабасындағы бұл арнайы белгі «аталған азамат кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекке қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын» көрсетеді», — деп түсіндірді мемлекеттік департамент. 

Мемлекеттік департаментке педофилдер туралы ақпарат АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінен беріледі. Сотталғандардың бұрынғы төлқұжаты жойылып, арнайы белгімен жаңасы шығарылады. Бұл шара 2016 жылы қабылданған «Меган заңына» сәйкес қолға алынды. 

Өмір бойына түрмеге қамалу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Платонов педофил-рецидивисттерді өмір бойына бас бостандығын айыруды ұсынды
Заң 1994 жылы көршісі зорлап, өлтірген 7 жасар қыздың құрметіне аталды. Қылмыскер бұған дейін де жыныстық қылмыс үшін сотталған. 

Айта кетсек, Қазақстанда бір жыл бұрын «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы жұмыс істей бастады. Оның көмегімен уақытты көрсетіп, жасалған қылмыстардың геолокациясын бақылауға болады.

Жаңалықтар
0