АСТАНА, 14 жел – Sputnik. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Артур Платонов 14 жасқа толмаған балаларды жыныстық тиіспеушілікке қарсы қайта қылмыс жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынды.
Платонов ұсынысты ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдады. Депутаттың айтуынша, соңғы кездері педофилдер туралы жаңалықтар жиі айтылып жатады, олардың саны Қазақстанда көбейіп кетті, қылмыс саны да азаяр емес.
Депутат еске сала кеткендей, Қазақстанда 2018 жылдан бастап педофилдерді химиялық жолмен піштіру нормасы енгізілетін болады. Алайда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген құқық қорғаушылар, заңгерлер мен дәрігерлер бұл шараның педофилдерді азайтуға ықпал етпейтіндігін айтып отыр дейді Платонов.
"Бақытжан Әбдірұлы, министрліктер мен ведомстволарға келесі мәселені қарауды тапсыруыңызды сұраймын: 14 жасқа толмаған балаларды жыныстық тиіспеушілікке қарсы қайта қылмыс жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу", — деді Платонов сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында.