АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Қостанай облысында 7 жасар қыз көліктен түсіп қалып қаза тапты, деп хабарлайды alau.kz.
"ЗиЛ" маркалы автокөлік Придорожное және Лысановка ауылдарының арасындағы жолда кетіп бара жатқан. Сол сәтте жолаушылар отырған жақтан көліктің есігі ашылып кеткен.
"Салдарынан 7 жасар қыз көліктен құлап түсті. Бүлдіршін жүк көлігінің артқы дөңгелегінің астына түсті. Бала оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімдеді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.