АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Рудный қаласы тұрғындары 12 қараша күні кешкісін екі жер асты дүмпуін сезінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен.
"12 қарашада 23 сағат 13 минутта Рудный қаласында жер сілкінісі болды. Амплитудасы 3,8 балды құрады", — деп хабарланған Вконтакте желісіндегі "Типичный Рудный" тобында.
Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзіне қарағанда, құрбандар мен зардап шегушілер болмаған және басқа да зардабы тимепті.