Өңірлер

Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы – 4,1

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақ ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Алматы облысында 2 қараша күні Астана уақытымен 11:21-де тіркелді. Магнитудасы – 4,1. 

"2 қараша күні Астана уақытымен 11:21-де Қазақстан аумағында, Алматы облысы, Шонжы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым және Нарынқол қаласынан солтүстікке қарай 77 шақырым жерде жер сілкінді", — делінген хабарламада. 

Ал "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,6-ны құраған. 

Кетмен ауылында 3-4 балдық жерасты дүмпулері сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасты.


Жаңалықтар
0