АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Көліктік полиция Алматы әуежайында азаматтардың мазасын алған такси жүргізушісін үш тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Әбден мазасын алған такси шопырына шағымданып, полицияға арыз берген 23 жастағы Алматы тұрғыны екен. Көліктік полиция 40 жастағы жеке тасымалдаушыны ұстады.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 449-бабы, 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ер адам үш тәулікке қамауға алынған.