Әлем

Зейнеткердің өлімі: Жапония полициясы мысықтан күдіктеніп отыр

© REUTERS / Shamil ZhumatovАлматыдағы мысықтар көрмесі, архивтегі фото
Алматыдағы мысықтар көрмесі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарияның денесін пәтерден қызы тауып алған

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Жапония полициясы 82 жастағы зейнеткерді мысық өлтірді деп күдіктеніп отыр, деп хабарлайды РИА Новости.  

Оқиға Кумамото префектурасында болды. 

БАҚ-тың ақпаратынша, әйелдің мәйітін қызы тауып алған. Зейнеткердің бет-аузы 20 рет тілгіленген, кейбір жарасы терең болыпты. 

Мысықтар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ер адам мысық өлтіргені үшін 16 жылға сотталды
"Оны тауып алғанымызда, бет-аузы қан-жоса еді. Не болғанын білмейміз», —дейді марқұмның қызы. 

Полиция адам өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғаушылар зейнеткердің үйіне ешкім кіріп-шықпағанын айтады. 

Кейінірек полиция әйелдің бетіндегі жара мысықтың тырнақ ізіне ұқсайтынына назар аударды. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, полиция тырнақтарында болжам бойынша адам қаны бар мысықты тапқан. Қан үлгісі сараптамаға жіберілді, нәтижесі әзірге хабарланбай отыр.


Жаңалықтар
0