АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Бірнеше мәрте мысық өлтірген АҚШ азаматы он алты жылға сотталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Калифорния тұрғыны Роберт Рой автокөлікте ұйықтап жатқан жерінде ұсталған. Тінту барысында көлігінен мысықтың денесі, пышақ, қан-қан қолғап пен жүн қалдықтары табылған.
"Калифорния аудандарының бірінен 2015 жылдан бастап мысықтар жоғала бастаған, кейіннен олар өлі күйінде табылыпты", — деп хабарлайды басылым.
Сот анықтағандай, Роберт Рой жиырма бір мысықты өлтірген, ол он алты жылға бас бостандығынан айырылды