Өңірлер

Ақтөбелік азамат 32 млн теңгеге Есет батырға ескерткіш орнатты

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской областиЕсет батырдың 350 жылдығына орай ескерткіш ашылды
Есет батырдың 350 жылдығына орай ескерткіш ашылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бестамақ ауылында қазақ халқының даңқты перзенті Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан Бестамақ ауылында қазақ халқының даңқты перзенті Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шараға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат Үкімет басшысынан Мәлік Ғабдуллинге Астанада ескерткіш орнатуды сұрады
Мерекенің дәл осы жерде өткізілуінің үлкен мәні бар, себебі — бұл ауылда қазақтың ұлы қолбасшысы мәңгілік байыз тапқан. Мұнда киіз үйлерден құралған үлкен ауыл бой көтеріп, қазақ күресі, аламан бәйге, жорға жарыс секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ақындар айтысы өткізілді.

Салтанатты шараның басты оқиғасы — Есет батырдың ат үстіндегі мүсіні ескерткішінің ашылуы болды. Шыны-пластиктен жасалған ескерткіштің биіктігі — 11,5 метр, салмағы — 1,5 тонна. Жергілікті кәсіпкер Нұрлан Сағналин ескерткішті орналастыру және аумақты көріктендіру үшін «Tуған жерге тағзым» акциясы аясында 32 миллион теңге бөлді.

«Қазақ халқында «Өткенсіз бүгін жоқ» деген мақал бар. Сондықтан біз Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламасына сәйкес тарихымызды, рухани құндылықтарымызды жаңғыртудамыз. Басты мақсат —жас ұрпақты халыққа деген сүйіспеншілікке, өз елінің патриоты болуға, туған жерін құрметтеуге және қорғауға үйрету. Бұл ескерткіштің ашылуы — жастарға үлкен үлгі, өнеге», — деді облыс әкімі.

Сондай ақ, салтанатты шара барысында ауылдық дәрігерлік амбулоторияның ашылу рәсімі өтті. Медициналық мекеме мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылған тағы бір әлеуметтік маңызды жоба саналады. Дәрігерлік амбулатория қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған, стоматологиялық және физиотерапия кабинеттері бар. 73 миллион теңгеге салынған мекеме тәулігіне 80 адамды қабылдай алады.

Есет батыр Көкіұлы – қазақтың қол бастаған белгілі батыры, тархан – жоғары әскери-рулық ақсүйек өкілі. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы жоңғарлар мен Еділ қалмақтарына қарсы күрескен, Әбілқайыр ханның үзеңгілес серігі болған. Есет батыр кесенесіне ақтөбелік тұрғындармен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жұрт та тәу етпей кетпейді.


Жаңалықтар
0