Қоғам

Депутат Үкімет басшысынан Мәлік Ғабдуллинге Астанада ескерткіш орнатуды сұрады

© Photo : Акимат Акмолинской областиМәлік Ғабдуллинге ескерткіш
Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәуелсіз еліміздің әскери бір бөлімшесін Кеңес одағы батырының есімімен атау жұмысы да аяқсыз қалған

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, Кеңес одағының батыры, ғалым, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге Астанада ескерткіш орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Кеше күркіреп өткен Ұлы Отан соғысында панфиловшылар құрамында тамаша ерлік көрсетіп, Кеңес одағының батыры атанған, Кеңестер одағы мен Ресейдің ғылым академияларының академигі, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, әдебиет зерттеушісі, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, бірнеше мәрте Қазақстанның және Кеңес одағы Жоғарғы кеңесінің депутаты болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халқының жүрегінде үлкен із қалдырған Мәлік Ғабдуллиннің есімі мен ерлігі, адамгершілік қасиеттері өз тұсында да аңызға айналған болатын", — деді Жабал Ерғалиев.

28 панфиловшылар фильмінен кадр - Sputnik Қазақстан
"28 панфиловшылар" режиссері "Тарихи шындыққа адалдық үшін" сыйлығын алды

Депутаттың айтуынша, көрнекті қоғам қайраткерінің және атақты ғалымның ерлігі мен зор адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштігі мен қарапайымдылығын Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"  еңбегіндегі қағидаттарға сай насихаттаудың жаңа мүмкіндігі туып отыр. 

"Осы орайда Астана қаласына Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қою мәселесі қарастырылса етті. Бұдан басқа, Көкшетау қаласындағы батырдың республикалық мұражайы талапқа сай жауап беретін осы заманғы қор сақтау қоймасына да зәру болып отыр. Кезінде депутаттық сауалымызға орай тәуелсіз еліміздің әскери бір бөлімшесін Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімімен атау қажет деген ұсынысымызға орай 2014 жылғы 14 қаңтарда Үкіметтің өзі берген жауабында «Сарыөзек қалашығындағы әскери бір бөлімшені Ғабдуллиннің атымен атаймыз» деген ісі де аяқсыз қалып келеді", — деді сенатор.


Жаңалықтар
0