АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қостанай облысында өзен жағасынан пакетке салынған шақалақтың денесі табылды, деп жазды alau.kz.
Сайттың хабарлауынша, оқиға 4 қарашада болған. Деректі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растаған.
Полицияның мәліметінше, пакетті 46 жастағы ер адам тауып алып, Қарасу АІІБ-ге хабарласқан. Шұғыл іздестіру шаралары барысында полицейлер 32 жастағы күдікті, Қарасу елді мекенінің тұрғынын ұстаған.
Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.