АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында жалдамалы пәтерде екі баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша балалардың денесі тоңазытқыштан табылған.
"Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу ісі бойынша басқа мәліметтер жарияланбайды", — деді ІІД.
Бұл пәтер қаланың Түрксіб ауданында, орналасқан. Бұған дейін пәтерді үш баласы бар әйел жалдап тұрғаны белгілі болды.