АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жас қызды қағып өлтірді. Жол апаты 11 қарашада, кешкі тоғыздар шамасында Еуразия даңғылында болды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Toyota Land Cruiser автокөлігі Еуразия даңғылымен көпір жаққа қарай жүріп бара жатқан. «ЗапКазРЭК» АҚ ауданына жеткен кезде жүргізуші бір қызды қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында жан тапсырды.
Жол апатының қалай болғаны белгісіз. Басылымның жазуынша, қаза тапқан қыздың денесі көліктен бірнеше метр жерде жатқан.
Оқиға орнында полицейлер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.