Өңірлер

Алматы облысында өзбек азаматын ұрлағандар ұсталды

© AFP 2024 / Noel Celis Қолы байланған ер адам
Қолы байланған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйлер ер адамды ұрлап, туысқандарынан 350 мың теңге талап еткен

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Алматы облысының полицейлері арнайы операция кезінде қылмыскерлер ұрлаған шетел азаматын босатты, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Оқиға Іле ауданында болды. 23 жастағы Өзбекстан азаматы жергілікті полицейлерге жүгініп, белгісіз біреулер ағасын ұрлап кеткенін айтқан.

Анықталғандай, ағасы Қараой ауылында салынып жатқан нысандардың бірінде құрылыс бригадасын басқарады. Қаскөйлер өзбек азаматын зорлықпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Кейінірек жәбірленушінің туысқанына хабарласып, 350 мың теңге талап еткен.  

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен
"Жедел іздестіру шаралары барысында шетелдіктің көрші Қарасай ауданындағы жер үйлердің бірінде екені анықталды. Ер адамды босату бойынша арнайы операцияны Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілдері Іле АІІБ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Шетел азаматы үйіне аман-есен оралды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының 25-28 жас аралығындағы тұрғындары. Алматы мен Алматы облысының құрылыс нысандарында жалдамалы жұмысшы болып ақша тапқан. 

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК "Адам ұрлау", "Бопсалаушылық", "Бас бостандығынан заңсыз айыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды", — деп толықтырды облыстық полиция. 


Жаңалықтар
0