Өңірлер

Қостанай жұрты шарқ ұрып іздеген жігіт жалдамалы пәтерде алаңсыз жатқан

CC0 / / Қостанай жұрты шарқ ұрып іздеген жігіт жалдамалы пәтерде алаңсыз жатқан
Қостанай жұрты шарқ ұрып іздеген жігіт жалдамалы пәтерде алаңсыз жатқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Евгений Нефедов жұмысқа жақын болу үшін жалдап тұратын пәтерін ауыстырған

АСТАНА 10 қараша — Sputnik. Қостанайда жоғалып кеткен Евгений Нефедов табылды. Бұл туралы оның әпкесі Елена Нефедова хабарлады, деп жазды alau.kz

Оның сөзіне қарағанда, Евгений бүгін қоңырау шалып, жағдайы жақсы екенін айтқан.   

Өзен жағасындағы қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жоғалған қыздың мәйіті табылды
"Оған әлеуметтік желілердегі хабарландыруды көрген достары хабарласыпты. Ол дереу маған қоңырау шалды. Бұрын баспана жалдап тұратын. Жұмысқа жақын болсын деп досы екеуі пәтерді ауыстырған екен. Келгесін әңгімелесеміз. Барлығыңызға рахмет", — деді Елена Нефёдова. 

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қараша күні полицейлер жедел іздестіру шараларын өткізу кезінде Евгений Нефедовты тапқан. 

Естеріңізге сала кетейік, 17 жастағы жігіт 6 қараша күні жоғалған болатын.  


Жаңалықтар
0