Өңірлер

Алматыда көпірден секірген қыз өте ауыр халде жатыр

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі фото
Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен қыз жасанды вентиляция аппаратына қосылған

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Дәрігерлер Алматыда жаяу жүргіншілер көпірінен секірген қыздың жағдайы туралы айтты. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдегендей, 10 қараша күні сағат 13:01-де жедел жәрдем пультіне зардап шеккен қыз туралы хабар келіп түсті. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жас қыз "Алтын Орда" базарының жанындағы көпірден секіріп кетті
"Науқастарды қабылдау бөлмесінде қызды клиниканың жетекші мамандары қарады. Ауруханаға түскен кезде жағдайы өте ауыр болды, қазіргі таңда барлық қажетті диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр: тексерістер мен компьютерлік томография. Ол өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратына қосылған», — деп түсіндірді басқармадан. 

Куәгерлерлің айтуынша, қыз жүріп бара жатқан көліктің үстіне құлапты. Полициядағылар аталған фактіге қатысты тексеріс шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0