АСТАНА 10 қараша — Sputnik. Алматыда қыз көпірден жолға секіріп кетті. Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, қыз жүріп бара жатқан автокөлікке құлап, аман қалған. Қазір ауруханада жатыр.
Оқиға "Алтын Орда" базары аумағында күндіз болған. Полицейлер аталған дерекке қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.