АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні Атырау облыстық перинаталды орталығында болған, деп жазды "Мой ГОРОД".
"Қайғылы оқиға 8 қараша күні болды. Жас келіншектің өкпесі дімкәс еді", — деп хабарлады облыстық перзентхана.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған деректі растады, дегенмен түсініктеме беруден бас тартты.
- Бұл дерек тіркелді, бірақ болған оқиға туралы толық ақпарат алғанға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы ешқандай түсініктеме бере алмайды, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.