Оқиға

Атырауда егіз босанған әйел көз жұмды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуота
ота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас ананың артында бес бала жетім болып қалды

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Атырау перзентханасында іштен жарып баланы алғаннан кейін жас бостанған ана көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

27 жастағы келіншектің егіз балаға жүкті болғаны хабарланады. Бұл оның төртінші босануы,  оның үш, алты және жеті жастардағы үш баласы бар. 

Төртінші шілдеде әйелдің толғағы басталып, жедел жәрдемді өзі шақыртып, ол облыстық перзентханаға жеткізілген. Отаны тәжірибелі дәрігерлер жасаған, алайда әзірге анықталмаған себептермен әйел көз жұмды. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Жаңалықтар
0