Оқиға

Талғар өзенінен табылған ер адамды кім өлтіргені белгілі болды

© Sputnik / Юрий Жаров / Медиабанкке өтуӨзен
Өзен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция ер адамды өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген кім екенін анықтады

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Полиция Талғар өзенінен денесі табылған ер адамды өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Балықшы қайығы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында балықшы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

2 қарашада Кеңдала ауылына дақын маңда Талғар өзенінен ер адамның денесі табылған. Мәйіттегі көптеген жарақат белгілері оның кісі қолынан ажал құшқанын растайды. Кейінірек жәбірленуші Балқаш ауданының тұрғыны екені анықталып, сараптама оған жеті рет пышақ салынғанын көрсетті.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полицейлер Қаратал ауданының 39 жастағы тұрғынын ұстап, Талғар аудандық ІІБ-не қамауға алды. 

"Күдікті жәбірленушімен бірге ішіп отырып, араларында туындаған кикілжің салдарынан ауыр қылмысқа барған. Бұдан бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталыпты. Қазір қылмыстың анық-қанығы тергелуде", — деп хабарлады облыстық полиция.

Жаңалықтар
0