Видео

Куәгер: полицейлер Олег Харитоновты ұстаған кезде соққыға жығып, тепкіледі

Жазылу
Ұстау кезінде қаза тапқан Олег Харитоновтың ағасы оқиға куәгерінің видеосын Sputnik Қазақстан агенттігіне ұсынды

8 қараша күні кешке полиция 25 жастағы Олег Харитоновты ұстамақ болады. Полиция мәліметіне сүйенсек, қарағандылық ұялы телефон ұрлады деген күдікке ілінген. Ол ұстау кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіпті: пышақ алып шығып, қоқан-лоққы жасаған.

Қылмыскерді ұстау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды полициясы: күдікті асфальтқа басын ұрып, көз жұмды

Полицейлердің айтуынша, қызметкерлердің бірі ер адамды жерге құлатқан, ал күдікті басын асфальтқа ұрғылап, көз жұмыпты. Сот-медициналық сараптама анықтағандай, ер адамның жүрегі тоқтап қалған. 

Алайда куәгерлердің берген түсініктемесінде құқық қорғау органдары қызметкерлері Олег Харитоновтың аяқпен тепкілегені айтылған. 

Қазір Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокуратурасы тергеу жүргізуде.

Жаңалықтар
0