Оқиға

Қарағанды полициясы: күдікті асфальтқа басын ұрып, көз жұмды

© Photo : предоставлено очевидцамиҚылмыскерді ұстау
Қылмыскерді ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция ұстау барысында күдіктінің қалай қаза тапқанын түсіндірді

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қарағандыда жас жігіт полицияға ұсталған кезде көз жұмған, тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Бұл оқиға туралы мәліметті полицияға ұсталғанына куә болған марқұмның достары жеткізген. Оқиға орнында түсірілген видео және суреттер Instagram желісінде жарияланыпты.

 

 

Осыған орай полицияның берген түсініктемесі бойынша, сәрсенбі күні 8 қарашада сағат 20.00 кезінде Қарағанды полициясы Киров бөлімшесінің кезекшілігіне 19 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің соққыға жығып, ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Сол күні кеште жедел қызметкерлер күдікті ретінде 25 жастағы қарағандылықты анықтайды. Оның аты-жөні айтылмаған.  

"22.30 кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні 23-ші шағын аудандағы №15 үй маңынан байқайды, күдікті айғақтарды жасыру үшін, телефонды лақтырып жіберген. Ұстау кезінде күдікті пышақ алып шығып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетеді. Полицейлердің бірі самбо әдісін пайдаланып, күдіктіні жерге құлатқан. Ал ол құлаған бойда қоқан-лоққы көрсетуін жалғастырып, басын асфальтқа ұра бастайды. Сәлден соң күдікті тынышталып, полицейлер оны жерден көтеріп, көлікке апара бергенде, мүлдем қимылсыз қалады. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткен. Ал жедел жәрдеммен келген дәрігерлер күдіктінің қаза тапқанын айтты", — делінген полицияның ресми хабарламасында.  

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Жаңалықтар
0