АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына келді.
Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі жоспарланып отыр.