АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 9 қарашада Челябинскіде қос елдің аймақаралық ынтымақтастығының 14-ші форумына қатысады.
Бұл жолы Ресей-Қазақстан форумының негізгі тақырыбы адам капиталының дамуы болады.
Форумның жалпы отырысы алдында Путин мен Назарбаев кездесу өткізбек. Қос елдің басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.
Бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған. Оның ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды.