АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев автомобиль өндірісімен айналысатын отандық кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Елбасы өндірістік цехтарды аралап көріп, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.
Мемлекет басшысына еліміздегі электромобильге арналған инфрақұрылымның даму барысы жөнінде баяндалды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімделді.
***
«СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 3 795 техника жасалып шығарылды. Мұнда жұмыс істейтіндер саны – 574 адам.