АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қостанай қаласына келді.
Жұмыс сапары аясында Елбасының өңірдің бірқатар әлеуметтік нысанын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өндірістік кәсіпорындарын аралап көруі жоспарланған.