Саясат

Назарбаев: алдымызда көп шаруа бар

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент қажетті бағдарламалардың барлығы қабылданғанын айтты

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдында тұрған міндеттерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Назарбаев пен Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Путинге: арамыздағы шынайы жеке қарым-қатынасты жоғары бағалаймын

"Биыл "Нұр Отан" партиясының құрылғанына 18 жыл болады. Бұл адам өмірінің өлшемі бойынша алғашқы кәмелеттік жас болып саналатынын білесіздер. Осы уақыт ішінде партиямыз шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен ірі саяси күшке айналғаны белгілі. Құрылғаннан күннен бастап барлық елдік істердің басы-қасында болып келе жатыр. Халқымыздың береке-бірлігін арттырып, еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін атсалысып келе жатқан бірден-бір саяси ұйым", — деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, осы уақытта "Нұр Отан" нағыз елдік партияға айналды. 

"Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстап, нағыз едік партия атанды. Оған өткен сайлаулардағы елдің зор сенімі айқын дәлел. Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтқысыз қызмет етуді жалғастыра береді деп сенеміз", — деген президент алда маңызды міндеттер тұрғанын айтты. 

"Алдымызда көп шаруа бар. Қажетті бағдарламалардың барлығы қабылданды. Дегенмен, қазіргі жағдайда бүкіл әлем ғылыми-техникалық дамудың жаңа кезеңіне түсіп отырған кезде біздің де алған қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының бәріне партия басшы болып, керек жерлерде саясатты түсіндіруі қажет", — деді Назарбаев. 

 

 

Жаңалықтар
0