АСТАНА, 9 қараша— Sputnik. Астанада науқас дәрігерлердің қателігінен сүт безінен айырылған, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.
Әйел елордадағы клиникалардың бірінде маммолог дәрігерге көрінген. Қате диагноз қойған дәрігердің немқұрайлылығы салдарынан науқастың оң жақ сүт безін ота арқылы алып тастаған.
"Дегенмен операциядан кейін оң жақ сүт безіндегі ісік қатерсіз екені анықталды", — делінген хабарламада.
Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен клиникадан материалдық және моральдық шығын өндірілді.
9 Қараша 2016, 13:38
"Әйел 1,5 миллион теңгедей алады – бұл материалдық шығын мен моральдық залал", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметі.
Шешім заңды күшіне енді.