Қоғам

Павлодар облысындағы сәби өлімі үшін дәрігер шартты мерзімге кесілді

Жазылу
Бес жасар қыз анафилактикалық шоктан көз жұмды. Бала өліміне әкеп соқтырған антибиотикті тағайындаған дәрігерге өз міндетін дұрыс орындамады деген айып тағылды.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Кәсіби міндетін дұрыс атқармауы адам өліміне әкеп соқтырған Успен аудандық ауруханасының дәрігері 2 жыл алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Успен аудандық соты.

жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысының әкімі ауруханада сәбилердің шетінеуіне ашуланды

Бес жасар қыз 2015 жылы тамыз айында ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Аудандық аурухананың дәрігері сынақтың оң нәтиже бергеніне қарамастан, балаға антибиотик тағайындап, соның салдарынан қызда анафилактикалық шок болған. 

Дәрігер бүлдіршіннің ауыр хәлін ескеріп, оны шоктан шығарып алуға талпыныс жасамастан, қызды әрі қарай емделу үшін қалаға жіберген. Қыз Павлодар қаласына кетіп бара жатып жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 

Сотталушы жәбірленуші тарапқа келтірілген зиянды толықтай өтеген. Сот отырысында Успен ауданының прокуроры сотталушымен процессуалдық келісімге келді. Сол келісімнің негізінде сот айыпталушыны екі жыл алты ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру және медициналық қызмет атқаруға бір жыл тыйым салу жазасына кесті. Сот үкімі заңды күшіне енді. 


Жаңалықтар
0