Саясат

Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады – сарапшы

Жазылу
"Алмазбек Атамбаевтың сөзін қолдаған постар лайк пен пікірді өте жылдам жинайды"

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik.  Қырғызстандық троллдар әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы Қазақстандағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысып жатыр. Atameken Business Channel бақылау кеңесінің төрағасы Қанат Сахариянов осындай пікір білдірді.   

"Біздің елде Қырғызстанмен ақпараттық соғыс басталды. Қырғызстан тарапынан да, шын мәнінде, кәсіби боттар, троллдар мен фейктер жұмыс істеп жатыр", — деді Сахариянов.

Сарапшының айтуынша, президент Алмазбек Атамбаевтың "Қазақстанға қарсы" сөзін қолдаған постар лайк пен пікірді өте жылдам жинайды. 

Дүниежүзілік сауда ұйымының логотипі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан шекарадағы жағдайға қатысты ДСҰ-ға шағымданды
Қанат Сахариянов желіде қос елдің қарым-қатынасына қатысты пікір білдіру методикасына талдау жүргізіп көргенін айтады.   

"Желі қолданушыларының аккаунтына кіріп, ол кімге, оған кім тіркелгенін, не жазғанын көруге болады. Сонда байқағаным, өздерін Ресей, Украина, Әзербайжан, Қырғызстан, тіпті Араб Әмірліктері мен Иран азаматы етіп көрсетіп, пікір қалдырғандар бар екен. Олар Атамбаевтың сөзін жақтаған. Әрқайсының жалған 20 аккаунты бар. Өкініштісі, олардың сөзіне иланып қалып жатқандар бар", — деп түйіндеді ол.  


Жаңалықтар
0