Қоғам

Байбек халықты "демократияға қалай тәрбиелеу" керектігін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАдамдар
Адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік астананың басшысы кез келген құқық бұзушылық үшін жазалауды ұсынды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек міндетіне салақтықпен қарайтын полицейлермен қалай күресу қажеттігін айтып, ұсақ тәртіп бұзушылық үшін де жазалау керектігін алға тартты.

Ақшалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада он бір полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Астанада өткен брифинг барысында Байбектің берген мәліметінше, Алматыда 100 мың бақылау камерасы орнатылған, ал жергілікті полиция қызметінің техникалық жарақтандырылуына 1 миллиард теңге бөлініпті.

"Әр полицейдің видеорегистраторы бар, оны сөндіріп қойса, бірден жұмыстан шығару керек деп ойлаймыз. Кейбіреулер батареясы отырып қалды, сынып қалды деп сылтауратып, камераны өшіріп, пара алады. Біз "видеорегистраторды өшірсе, жемқорлыққа жағдай туады, демек арыз жазып, жұмыстан кетуі тиіс" деп санаймыз. Осылайша күресу керек, басқа жол жоқ", — дейді әкім. 

Сонымен бірге қала әкімі ұсақ құқық бұзушылық үшін жазалау мәселесі туралы да сөз қозғады.

"Халықаралық тәжірибе көрсеткендей: отыратын орындықты бүлдіріп, терезе шақса — жазаламасақ, одан да зорғысын істесе де — жазаламасақ, ауыр қылмыстарға жол ашамыз. Сондықтан да ұсақ құқық бұзушылық үшін бірден жазалап отыру керек, осылай ғана халықты демократияға, заңды орындап, өзге азаматтардың құқығын құрметтеуге үйретеміз. Мұның басқа амалы жоқ", — деп ойын түйіндеді Байбек.

Жаңалықтар
0