Қоғам

Астанада он бір полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды

© SputnikАқшалар
Ақшалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана Прокуратурасы елордалық ІІД жұмысын тексерді

 АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Астанада он бір полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды елордалық прокуратураның сайты

Прокуратураның ұсынысымен Астана ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы жедел іздестіру шараларын өткізді. Оның нәтижесінде 11 полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 3-бөліміне (пара алу) сәйкес тергеу жұмыстары басталды. 

Телефон ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда мемлекеттік қызметкер пара ретінде ақша мен Iphone алған

Хабарламада: "№2 Есіл аудандық сотының үкімімен жүйелі негізде пара алған жол-патрульді полициясының 9 қызметкері және Астана қаласы ІІД табиғатты қорғау полициясының 2 қызметкері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөліміне сәйкес сотталды. Оларға алған параның 70 есе көп сомасы көлемінде айыппұл төлеу ретіндегі жаза тағайындалды", — делінген. 

 

 


Жаңалықтар
0