Қоғам

Алматыда мемлекеттік қызметкер пара ретінде ақша мен Iphone алған

© AP Photo / Kiichiro SatoТелефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімінің басшысы кәсіпкерлерден ақша мен Apple компаниясының өнімдерін талап еткен

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында Әділет департаментінің бұрынғы қызметкері пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

А.есемді сотталушының қылмыстық ісінің материалдарына сәйкес, ол Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімінің басшысы міндетін атқара жүріп, 2016 жылы тамызда Car city базарында жүргізілген тексеру барысында Toyota Motor Corporation компаниясының тауарлы белгісін заңсыз пайдалануға қатысты және қолдағы контрафактілік тауарларды тәркілеп алмау үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған. Осындай сипаттағы қылмысты 2017 жылы қаңтар айында қайта жасап, "FIFA" тауарлы белгісін заңсыз пайдаланған кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.     

Одан ары сотталушы AppleInc компаниясы сенімді өкілдерінің өтініштері бойынша тексеру  Apple және Iphone тауарлы белгілерін тауар белгілерін заңсыз пайдаланған жеке кәсіпкерден 

Оның барлық тауарларын қолданыстан шығарып алған. Кейін ол жалпы құны 2 миллион 738 мың болатын, Apple (Apple MacBookPro, Apple Watch, Apple iPhone 7 және т.б.) тауар маркасының жартысын пара ретінде беруді талап етеді. Қалған тауарды кәсіпкердің өзіне қайтарып береді.    Ағымдағы жылдың ақпан айында AppleInc компаниясының сенімді өкілі Т.Л. есімді жеке кәсіпкерден арыз түседі. Одан бұрынғы мемлекеттік қызметкер жалпы құны 1 миллион 234 мың болатын Apple тауар белгісінің заттарының жартысын пара ретінде иемденген. 

Сотта А. есімді сотталушы өз кінәсын толық мойындамады. 

Сот А. Есімді сотталушыға қатысты ҚР ҚК 416-бабына сәйкес жеті жылға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркіледі. Мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмірлікке айырылды. 

Жаза мерзімі оның ұсталған кезінен бастап, яғни 2017 жылдың 18 мамырынан бастап есептеледі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.   

 

 

 

Жаңалықтар
0