Оқиға

Шымкентте жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

© AFP 2024 / Sergei SupinskyКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте полиция жаңа туған сәбидің өліміне күдікті әйелді ұстады

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Астана тұрғыны Шымкентте қоқыстан денесі табылған шақалақты өлтіргенін мойындады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қоқыс төгетін жер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Текелі тұрғыны кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген

Шымкент Ішкі істер басқармасының Абай бөлімшесіне 2017 жылы 20 қазанда қоқыстан шақалақтың денесі табылғандығы туралы хабар түскен болатын. Жедел іздеу шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметкерлері Астанада 26 жастағы әйелді ұстады.

"Елордада тұратын әйел жасаған қылмысын мойындады. Қазір полицейлердің оқиғаның анық-қанығын тексеруде. Күдікті жақын арада Шымкентке жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу әрі қарай жалғасады", — деп хабарлады облыстың ІІД.

Жаңалықтар
0