Қоғам

Астанада мектеп оқушысы сыныпта бұрышталған баллонды пайдаланған

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 оқушы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтті

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Оқушы сыныпта бұрышталған баллон пайдаланып, салдарынан оқушыларды ғимараттан шығарған.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада екі тәулік бойы жоғалған оқушы іздестірілуде

Оқушылардың бірінің анасы әлеуметтік желіде жазғандай, Астанада 75-ші мектептің жетінші сынып оқушысы бұзақылардан қорғану үшін спиннерді бұрышталған баллонға алмастырып, мектепке алып келеді. Оның сыныптасы баллонды тексермек болып, сыныпта шашып жіберген екен, салдарынан оқушыларда аллергиялық реакция басталған.

Мектепте шу шығып, балалар жөтеліп, қорқып, сыныптан қаша бастайды. Жазбада айтылғандай, 14 оқушы сынып жетекшісімен бірге ауруханаға жеткізілген. 

"Бұл баллонның сатылымы неге қадағаланбайды, жеткізушілерге неге бақылау жоқ? Бұл мәселе құқықтық жағынан реттеле ме?", — деп жазады әйел. 

Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова бұл оқиғаның болғанын растады.

Оның айтуынша, мұғалімдер көрші сыныптарда отырған оқушыларды да алып шығыпты. 

"Алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылған. №2 қалалық ауруханаға 14 оқушы жеткізіліп, дәрігерлер балаларды қарап, үйлеріне қайтарды", — деп хабарлады Асанова.

Жаңалықтар
0