Қоғам

Астанада екі тәулік бойы жоғалған оқушы іздестірілуде

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірім бұрын-сонды мұндай әрекет жасамаған, мектептің берген мінездемесі де қалыпты

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Оқушы 4 қазан күні компьютер курсынан шығып, үйіне қайтып келмеген. Ата-аналары көмек сұрап, полицияға хабарласқан. 

17 жасар Шмелев Лев Витальевичтің жоғалғаны туралы WhatsApp желісі арқылы 4 қазанда таратыла бастады. 

Sputnik Қазақстан тілшілеріне берген сұхбат кезінде жасөспірімнің әкесі Виталий Шмелев бұған дейін ұлының үйден кетіп қалуына себеп болатын жағдай болмағанын айтқан. Ол ұлын кешке қарай компьютер курсына жеткізіп салады, алайда, оның айтуынша, ол жерден Лев бас ауруына шағымданып, ертерек сұранып кетеді, бірақ үйіне оралмайды. 

Қолында белдігі бар әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде

"Ол сағат 22:30 кезінде үйде болуы тиіседі, алайда ол оқудан келген жоқ. Түн жарымда мен полицияға хабарластым. Олар ұялы байланыс арқылы оның қай жерде екенін анықтап көретінін айтты. Оның телефоны қосулы болғанымен, қоңырауға жауап болмады", — деді Виталий Шмелев. 

Сол кеште жасөспірімнің үстінде сұр драп пальто, қара джинсы және аяғында сұр аяқ киім болған. Жасөспірімді көрген немесе оның қайда екеніне қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдарды, полицияға хабарласуды сұрайды. 
Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, жасөспірімнің жоғалғаны туралы өтініш 4 қазан күні келіп түскен. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0