Өңірлер

Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуҚолында белдігі бар әскери қызметкер
Қолында белдігі бар әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері іздеу шараларына жұртшылықтың күшін тарту қажет деп есептейді

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Павлодар облысы ІІД тергеу басқармасы тарапынан ҚР Қарулы күштерінің 25 жасар ефрейторы Марат Бегалиновтің із-түзсіз жоғалуына қатысты қылмыстық іс қарастырылуда, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, осы жылдың 29 маусымында әскери қызметкер Ақсу қаласының Астана көшесіндегі №43 үйден сағат 22.00 шамасында сыртқа шығып, қайтып келмеген. 

"Бұл іс бойынша Павлодар облысы ІІД, ТЖД күштері Бегалиновті іздеу шараларына жұмылдырылды. Қазіргі уақытқа дейін ешбір хабар жоқ. Іздестіру шараларына жұртшылық тарапынан көмек көрсетілетін болса, атқарылған істің мәні зор болар еді", — делінген полицейлік мекеменің берген баспасөз хабарламасында. 

Аталған іс сотқа дейінгі тергеудің Біртұтас реестрінде ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі (кісі өлімі) бойынша тіркелген.  


Жаңалықтар
0