АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Бұған дейін Шымкент тұрғыны өзінің әуретті жерін кесіп тастағанын жазған едік. Ол жүйке ауруымен есепте тұратыны белгілі болды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.
Науқас алдымен жансыздандыратын препарат салып, кейін арнайы құрылғының көмегімен жыныс мүшесін кесіп тастаған. Бірақ, кенет «операцияны» дұрыс аяқтамаса керек, соңында азаматтың жағдайы нашарлап, ақыр соңы ауруханадағы ота залынан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оған хирургиялық ем жасап, аман сақтап қалды. Қазір науқас урология бөлімінде ем қабылдауда.
Осылайша әуретті жерін кесіп тастаған азамат бұл жағдайдан кейін белсіз болып қалды дейді дәрігерлер. Жүйке ауруларымен есепте тұрғандықтан, науқас ертең арнайы әлеуметтік орталықта емін жалғастырмақ. Бүгіннің өзінде психитарлар азаматты тексеріп, бақылауларына алды.