Қоғам

Астана тұрғыны белгісіз біреулер балама психологиялық қысым көрсетті деп шағымданды

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің айтуынша, басынан кешкен жайттан соң баланың психикасына нұқсан келіп, түн ұйқысынан шошып оянатын болған

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Астана тұрғыны Айгүл Жараспаева мәлімдегендей, бірнеше ай бұрын кәмелеттік жасқа толмаған ұлын белгісіз біреулер күшпен көлікке мінгізіп алып, қысым көрсеткен.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жасөспірім рэпер өзін зорламақ болған продюсерді пышақтап өлтірген

Тамыз айында 14 жастағы жасөспірім велосипедпен көлікке соғылып қалады. Анасының айтуынша, көлікте болған жолаушылар оқиға орнына полицияны шақырмай, жол апатына баланы айыптайды.

"Ер мен әйел кәмелеттік жасқа толмаған баланы көлікке күшпен отырғызып, оқиға орнынан кетіп қалады. Баламның телефоны сөніп тұрды. Мен 102 нөміріне хабарласып, баламның жоғалғанын айттым. Ол бір жарым сағаттан соң ғана табылды", — деп жазды Айгүл Жараспаева Желіде.

Жасөспірімнің сыныптасы жол апатына қатысушылардың сөздерін ұялы телефонның камерасына түсіріп алыпты.

Анасының айтуынша, ұлы қазір психотерапевтке қаралып жүр, түн ұйқысы бөлініп, жиі шошып оянады екен. 

Астана ішкі істер департаментінің айтуынша, Айгүл Жараспаеваның арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал жол апаты дерегі бойынша материалдар Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Жаңалықтар
0