АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Владивостокта кәмелеттік жасқа толмаған жігіт ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Кей деректерге сәйкес, ол ер адам бозбаланы зорламақ болған.
"Тергеу деректеріне сүйенсек, 2017 жылы 18 қазанда 23 жастағы жәбірленуші өтірік сылтау тауып, 15 жастағы күдіктімен кездеседі. Владивосток қаласы Русский аралындағы теңіз жанында ер адам көлік ішінде жасөспірімге сексуалды алымсақтық жасап, екеуінің арасында жанжал туындап, жасөспірім жәбірленушіге бірнеше рет пышақ салып, өлтірген", — деп хабарлады РФ Приморье өңірі бойынша тергеу комитеті.
Жергілікті БАҚ оқиғаның мән-жайын анықтаған. "Вести. Приморье" порталының мәліметінше, жасөспірім рэпке қызығушылық танытады екен, интернетте "продюсер" жігітпен танысып, ол түнде кездесуге шақырады. Жиырма үш жастағы продюсер оқушыны көлігімен қала сыртына алып кетеді. Сол жерде оны зорламақ болғанда, жасөспірім қарсылық көрсетіп, азғынның жүрек тұсына пышақ салған.
Кісі өлтірген жасөспірім көлікке отырып қашып кетпек болады, бірақ оны полиция тоқтатқан. Бозбала болған оқиғаны айтып беріпті. Құқық қорғаушылар жасөспірімді ұстаған.