Қоғам

Астанада аялдамаға арандататын сөз жазып кеткен ер адам жазаланды

© Елена БережнаяАялдама
Аялдама - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін айыпталған ер адам кінәсін толығымен мойындады

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Аялдамада бағдар схемасы көрсетілген плакатқа арандатушылық мәндегі сөз жазып кеткен ер адамға үш жарым жылға бас бостандығынан айыру және маскүнемдіктен емделу үкімі шығарылды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды

"Қазақтарды итше қыру керек" деген сөздерді ер адам Астанадағы Жеңіс даңғылы бойындағы аялдамада бағдарлар схемасы көрсетілген баннерге жазып кеткен.

Айыптауға сәйкес, Гайсин  ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігінде қарастырылған ұлтаралық алауыздықты тудыруға бағытталған қасақана әрекет жасады. Сотталушы кінәсін толықтай мойындаған. 

Сот Гайсинді үш жарым жылға бостандығынан айырып, маскүнемдіктен емделуді тағайындады. 

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0