АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Астанада жабық аялдамада шылым шеккені үшін қырық алты жастағы ер адам жауапқа тартылды деп хабарлайды қалалық жергілікті полиция қызметі.
25.01.2017 күні локалді-рейдтік іс-шара кезінде Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция лейтенанты Айдар Қазанғапов қоғамдық тәртіп бұзушылықты әшкерелерді.
Ведомство хабарлағандай, Ч. есімді азамат Шалкөде көшесіндегі жылы аялдамада шылым шегіп тұрғанда, учаскелік инспектор байқап қалған. Темекі тартқан ер адамға ҚР ӘҚК 441 бабы бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Ведомство ескертіп өткендей, бұл бап бойынша екінші рет құқық бұзылса, айыппұл екі еселенеді – 13 мың 614 теңге.