Қоғам

Біреудің көлігіне "жолды бөгемеңіз" деп жазғаны үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөлік тұрағы
Көлік тұрағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір елордалықтар әйелге материалдық тұрғыдан қолдау көрсеткісі келеді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Елорда тұрғыны көлігіне "жолды бөгемеңіз" деп жазып кеткен көршісінен келтірілген зиянды төлетіп алады деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Селфиге түсу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Селфиге арналған саябақ: Астанада жуырда айрықша парктер пайда болады

Сот хабарламасына сәйкес, ер адам автокөлігін елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңына қояды. Қайтып келсе, автокөліктің жүргізуші отыратын жақтағы есігіне "жолды бөгемеңіз" деп сырып жазып кетіпті. Автокөлік иесі полицияға қоңырау шалып, болған оқиғаны жеткізген.

Кейіннен анықталғандай, жазуды жазып қалдырған әйел көлік иесіне жаяу жүргіншілерге кедергі жасайтынын осылайша түсіндірмек болыпты. 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты арыз берушінің талаптарын жартылай қанағаттандырып, келтірілген зиян үшін әйел адамға 83 мың 947 теңге айыппұл салды. Шешім заңды күшіне енді.

Facebook желісіндегі қалалық қауымдастықтардың бірінде қолданушылардың бірі айыппұлды төлеу үшін ақша жинауды ұсынды. Кейбір елордалықтар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Жаңалықтар
0