Өңірлер

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды басып кеткен жүргізушінің ісі сотқа түсті

© Sputnik / Василий ГолышкинНаталья Пекничтің соты
Наталья Пекничтің соты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамвай жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты іс №2 қалалық сотына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдіктіге ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша (Көлік басқарған адамның жол қозғалысы  немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) айып тағылып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Бұған дейін хабарланғандай, жол апаты Павлодарда 7 қыркүйекте 07:43 шамасында болды. Сегіз және он жасар екі оқушы қызды трамвай басып кетті. Үлкені оқиға орнында жан тапсырса, кішісі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. 

Трамвай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда трамвай екі қызды соғып кетіп, біреуі оқиға орнында қайтыс болды
Трамвайды 30 жастағы Наталья Пекнич басқарған. Іс сотқа тапсырылғанға дейін жүргізушіге қатысты 2017 жылдың 8 қарашасына дейін екі ай қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Соттың қатаң шешіміне жол апатының қоғамда үлкен резонанс тудыруы себеп болғаны түсінікті. Натальяның адвокаты соттан үйқамаққа алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұраған еді. Қорғаушы күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бар екенін, тұрмыста әрі алты жасар қызын тәрбиелеп отырғанын, бұған дейін сотты болмағанын алға тартып, тергеуден жасырынбайтынын айтқан еді. 

Күдіктінің өзі сот отырысында жылап, қыздарды көрмей қалғанын айтты.


Жаңалықтар
0